Экономика

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ КЕҢЕСШІСІ

Өткен сәрсенбі Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Серік Әбденов іссапар барысымен ауданға келді. Аудан әкімдігінде өткен кездесуге мекеме басшылары мен мемлекеттік қызметшілер, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Кездесуге төрағалық еткен аудан әкімі Асқар Қазыбаев әдеп жөніндегі уәкілді таныстырып, еркін сұхбат құруға шақырды. Кездесу барысында мемлекеттік қызметте әдеп нормаларының сақталуы, қызметтік міндеттерін орындауда жауапкершілік, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы әдебі жайында, нақтырақ айтсақ, қараша халықпен ортақ тіл табыса білу, азаматтардың мәселесіне ден қоя отырып, оларды шешудің тиімді жолдары жайына тоқталды, сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкіл заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияның алдын алу бойынша, мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемесіне барудан бас тарту туралы маңызды мәселеге тоқталды. Кездесу соңынан Әдеп жөніндегі уәкіл жеке қабылдау жүргізді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Басқа жаңалықтар