Денсаулық

ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ – ТӘЖІРИБЕНІ ТОЛЫҚТЫРАДЫ

Ойыл аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімшесінде өткен оқу-жаттығу барысында аудандық төтенше жағдайлар мекемесінің мамандары шеберлік сабағына қатысып, тәжірибелерін арттырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде жедел медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру және мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болды.
Шеберлік сабағы барысында жедел жәрдем бөлімшесінің тәжірибелі мамандары зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, реанимациялық шараларды жүргізу, сондай-ақ науқастарды тасымалдау тәртібі бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді. Қатысушылар оқу-жаттығу кезінде түрлі төтенше жағдай сценарийлері бойынша өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін шыңдады.
Аталған оқу-жаттығу мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі үйлесімді әрекет етуге мүмкіндік берді.

Related Articles

Back to top button