Экономика
Жаңа Конституцияның басты мақсаты – мемлекеттік билікті ұйымдастырудың демократиялық қағидаттарын нығайту.

Қазіргі мемлекеттердің дамуында конституциялық реформалардың маңызы ерекше. Олар саяси жүйенің тиімділігін арттырып, билік пен қоғам арасындағы өзара қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Қазақстанда қабылданған Жаңа Конституция елдің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған кешенді құқықтық негіз ретінде бағаланады.
Жаңа Конституцияның басты мақсаты – мемлекеттік билікті ұйымдастырудың демократиялық қағидаттарын нығайту. Осы мақсатта билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер қайта қаралып, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін жетілдіруге басымдық берілді. Заң шығарушы органның институционалдық рөлінің күшеюі саяси шешімдер қабылдау үдерісінің ашықтығын арттыруға ықпал етеді.
Назгүл Ешпаова
Ойыл аудандық мәслихат депутаты



