Экономика

Референдумның халық үшін маңызы зор

Біріншіден, ол азаматтардың саяси белсенділігін арттырады. Адамдар елдегі өзгерістерге бейжай қарамай, өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады. Екіншіден, бұл шара мемлекет пен халық арасындағы сенімді күшейтеді. Халықтың пікірі ескерілген жерде әділдік пен ашықтық қағидаттары орнығады. Үшіншіден, референдум қоғамның құқықтық мәдениетін арттырып, азаматтардың заңға деген құрметін қалыптастырады.

Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін халықтың қолдауы аса маңызды. Референдум – сол қолдаудың айқын көрінісі. Әрбір дауыс – елдің болашағына қосылған үлес. Сондықтан әр азамат бұл тарихи сәтке жауапкершілікпен қарап, саналы шешім қабылдауы тиіс.
Ақеділов Өркен
Ойыл аудандық мәслихат депутаты

Related Articles

Back to top button