2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойылуы – елдің саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі.

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойылуы – елдің саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл бастама халықтың мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей қатысуына мүмкіндік береді. Референдум – демократиялық қоғамның басты құралдарының бірі, өйткені ол азаматтардың еркін білдіруіне және ел болашағына ықпал етуіне жол ашады.
Қазақстанда референдум өткізу тәжірибесі бұрын да болған. Мысалы, 1995 жылы жаңа Конституция қабылдау бойынша жалпыхалықтық дауыс беру ұйымдастырылды, ал 2022 жылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өтті. Бұл оқиғалар ел дамуының жаңа кезеңдерін айқындап, саяси реформалардың жүзеге асуына негіз болды.
Арыстанов Марат
Ойыл аудандық қоғамдық кеңес төрағасы



