Экономика

2026 жылғы 15 наурыз – тарихи таңдау күні

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойылуы – ел өміріндегі маңызды саяси оқиға. Бұл шешім халықтың мемлекетті басқару ісіне тікелей қатысуына жол ашатын демократиялық қадам болып табылады. Референдум – билік пен халық арасындағы байланысты нығайтатын, ел тағдырына қатысты мәселелерді көпшіліктің талқысына салатын тиімді құрал.

Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін халықтың сенімі мен қолдауы аса маңызды. Ал мұндай сенім ашықтық пен әділдікке негізделген саяси үдерістер арқылы қалыптасады. Референдум өткізу туралы жарлық – қоғам пікірін ескерудің, азаматтардың таңдау құқығын құрметтеудің көрінісі. Әрбір азамат дауыс беру арқылы ел болашағына өз үлесін қоса алады.
Исабаев Дулат
Ойыл аудандық музей басшысы

Related Articles

Back to top button