Референдум
Референдумның басты құндылығы – ашықтық пен әділдік.

Әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына ықпал етеді. Бұл – ортақ жауапкершілік. Қоғамдағы келісім мен тұрақтылық дәл осындай демократиялық тетіктер арқылы нығаяды. Себебі халықтың қолдауына ие болған шешімдер ғана ұзақ мерзімді әрі берік болады.
Сонымен қатар, референдум – саяси мәдениеттің көрсеткіші. Азаматтардың дауыс беруге қатысуы олардың ел тағдырына бейжай қарамайтынын білдіреді. Белсенді қоғам ғана тұрақты дамуға қол жеткізе алады.
Тумышова Несибели
Қоғам белсендісі


