Сонымен қатар, тұрақты құқықтық орта экономиканың өркендеуіне де ықпал етеді.

Заң талаптарының айқындығы кәсіпкерлікке қолайлы жағдай туғызады, инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Ел ішінде әлеуметтік әділеттілік сақталып, азаматтардың мүмкіндіктері тең болған жағдайда қоғамда өзара түсіністік нығаяды.
Ата Заң жобасын қолдау – бірлік пен жауапкершіліктің белгісі. Әрбір азамат ел тағдырына қатысты шешімдерге саналы түрде қатысу арқылы ортақ мақсатқа үлес қосады. Бұл – ұлт ретінде ұйысудың, тәуелсіздікті нығайтудың маңызды қадамы.
Қорытындысында, Ата Заң жобасын қолдау – тұрақтылықты сақтаудың, мемлекетіміздің іргесін бекемдеудің және болашақ ұрпаққа сенімді ел қалдырудың кепілі. Бірлік пен заңға құрмет бар жерде елдің болашағы да жарқын болмақ.
Омарова Әлия Едігеқызы — Көптоғай ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы



