Референдум

Референдумның басты ерекшелігі – халықтың тікелей қатысуы.

Яғни, белгілі бір маңызды заң немесе өзгеріс тек мемлекеттік органдардың шешімімен ғана емес, халықтың дауыс беруі арқылы қабылданады. Бұл демократияның негізгі принципі – биліктің халыққа тиесілі екенін дәлелдейді. Азаматтар өз таңдауын жасау арқылы елдің саяси бағытына әсер ете алады.

Сонымен қатар, референдум азаматтардың құқықтық және саяси сауаттылығын арттырады. Мұндай маңызды шаралар алдында халық түрлі ақпаратпен танысып, мәселелерді жан-жақты түсінуге тырысады. Нәтижесінде адамдар заңдар мен мемлекеттік саясатқа көбірек қызығушылық танытып, өз елінің болашағына бейжай қарамайды. Бұл қоғамдағы азаматтық сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Кенесарықызы Айсұлу
Қоғам белсендісі

Related Articles

Back to top button