ӘлеуметСұхбат

Негізгі міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету

Жұмыспен қамту орталығының алдындағы негізгі міндет  жұмыссыздықтың деңгейін төмендету. Жұмыссыздық – бүгінгі қоғамда күн тәртібінде тұрған мәселе. Осы орайда «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған  бағдарламасының іске асырылу барысы бойынша Ойыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Аралбай Жолдыбаевпен арнайы сұхбат құрған едік.

— Армысыз аға!
Алдымен ауданымызда жұмыссыздықты болдырмау үшін қандай шаралар іске асырылып жатыр?

— Бізде жұмыссыздықтың өсуін болдырмау мақсатында, Ойыл ауданының 2020 жылға арналған халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспары жасақталды. Кешенді жоспарға сәйкес, 1518 адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралармен қамту жоспарланып отыр. 2020 жылдың 1 шілдеге 1052 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Мемлекеттік қолдау шараларын қолданбастан жұмысқа орналастыру (бос жұмыс орындарына) — 657 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 324 адам жұмысқа орналастырылды.

— Өзіңіз атап өткендей Кешенді жоспардың және «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған  бағдарламасының әр бағыты бойынша атап өтсеңіз.

— Аталған бағдарлама үш бағыттан тұрады.
Бірінші бағыты бойынша  «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету». 2020 жылға қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 110 адам, техникалық және кәсіптік оқытуға 61 адам жоспарланып отыр. Қазіргі күні қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 10 адам жіберілді.
Екінші бағыты бойынша, «жаппай кәсіпкерлікті дамыту». 2020 жылға «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 40 адам жоспарланды. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 40 адам оқуға жолданды. Ауылдық елді мекендерде 72 адамға 276,0 млн теңгеге шағын несие беру жоспарланып отыр. Қазіргі күні 9 адам 49,0 млн теге көлемінде шағын несие алды. Сонымен қатар жаңа бизнес идеялар жүзеге асыру үшін 39 адамға 200 АЕК көлемінде 21,0 млн теңгеге мемлекеттік гранттар беру жоспарланды. Қазіргі күні 10 көп балалы анаға 5,5 млн теңгеге мемлекеттік гранттар берілді.
Үшінші бағыты бойынша, «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту».
Осы орайда 80 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланып,14746,0 мың теңге қарастырылды. Қазіргі күні 66 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.

Жұмыссыз жандар мен жаңадан бітірген жас мамандарды қоғамдық жұмыстарға, жастар тәжірибесіне орналастыру жөнінде тоқталсаңыз.

— Жалпы ағымдағы жылы 85 адамды жастар тәжірибесіне бағыттау жоспарланды. Осы бағытта 33801,0 мың теңге қаржы қарастырылды. 36 адам жастар тәжірибесіне жолданды. Уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыс орындарына 418 адамды уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланды. Қазіргі күні 486 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Қазіргі күні халықты жұмыспен қамту бойынша 2020 жылға арналған
Кешенді жоспар жасақталуда. 2020 жылдың 1 шілдеге Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік отбасында 1336 адамы бар  234 отбасына тағайындалды. Оның ішінде 1277 адамы бар 221 отбасына шартты және 59 адамы бар 13 отбасына шартсыз көмек тағайындалды. Шартты Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың ішінде жұмысқа қабілетті 87 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Атап айтқанда 61 адам тұрақты жұмысқа, 20 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 6 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.

— Біздің ауданда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы жөнінде мәлімет берсеңіз.

— Нақтырақ айтсақ, бағдарлама шеңберінде Қараой мектеп-балабақшасы ғимаратына күрделі жөндеу, Сапақкөл орта мектебі ғимаратына күрделі жөндеу, Кұрман орта мектебі ғимаратына күрделі жөндеу, Саралжын дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу, Жекенді дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу, Көсембай медициналық пунктіне күрделі жөндеу, Берсиев дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу, «Ойыл аудандық мәдениет үйі» МКҚК ғимаратына ағымдағы жөндеу, Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін ауыз су құбырының құрылысы, Ауыз сумен қамту нысанының құрылысы, Ә.Молдағұлова көшісінің жолын ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Жоспарланған жобаларға жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. Қазіргі күні 12 жобаға 71 адам жұмысқа жолданды.

— Сұхбатыңызға рақмет.

Сұхбаттасқан: Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар