ӘкімдікӘлеумет

«Тал өссе – көше көркі»

Ауылды абаттандыру, көгалдандыру мақсатында көктемде көшелерге теректер отырғызылған еді. Әрбір тал көшенің көркі, әрі сәні. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!» — деген сөзді ұстанған ойылдықтар бұл іске жұмыла кірісті.

Аудан әкімі бас болып еккен жас желектер селоның басты көшелерінде бой көтере бастады. Күз келсе де, бұл жұмыс жалғасын тапты. Күзгі науқанда тал егу акциясын алдымен Ойыл спорт мектебінің ұжымы бастады. Акцияға аудан әкімі Дастан Сағыров, аудандық соттың төрайымы Сәуле Танимова және аудан прокуроры Әділбек Балғазиндер қатысып, өз қолдарымен Құрманов көшесінің бойына тал отырғызды. Тал егу акциясын одан әрі өзге мекемелер жалғастырмақ.

Басқа жаңалықтар