ӘлеуметБасты тақырып

Көрісу күні атап өтілді

ЖУАННЫҢ ЖІҢІШКЕРІП, ЖІҢІШКЕНІҢ ҮЗІЛЕР ШАҒЫНДА ЖЫЛ ҚҰСЫНДАЙ САҒЫНДЫРЫП ЖЕТЕТІН АМАЛ МЕРЕКЕСІН БИЫЛ АУДАНЫМЫЗДА ӘРБІР МЕКЕМЕЛЕРДЕ ШАҒЫН АДАМДАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ.

Көрісу күні адамдар ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен кісілерге сәлем береді. Көрші-көлең  бір – біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай» деп, кіріп-шығады. Көрісу күні  барлық өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады. Ағайын-туыс бір-бірін дастарханға шақырып, меймандардың отбасына ағайын-туыс амандық-саулық, ырыс-береке тілейді.
Осы орайда бүгін аудандық мәдениет үйінде «Қош келдің, әз Наурызым, күн көктемім» мерекелік шарасы аясында Көрісу күні аталып өтті. Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен мерекелік дастархан басында мәдениет саласының ардагерлері қонақ болып, сый-құрмет көрсетілді. Мәдениет үйінің өнерпаздары ұлттық аспаптармен ән шырқап, дастархан басына жиналғандар ақтан ауыз тиіп, наурыз көжеден дәм татты. Сол күні дәл осындай шара «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында да өткізілді. Мерекелік шараға ұлттық киім киінген ақ жаулықты аналар, шапан кейген аталар, кәжекей киген жас келіндер, балалар жиналды. Балалар арасында асық атудан жарыс, самаурындар қайнатудан сайыс өткізіліп,  бауырсақ пісіріліп, наурыз көже таратылды. Әртүрлі аспапта ұлттық әуендер шырқалды.
P.S. Құрметті аудан тұрғындары, қауіпті індеттің өршуіне байланысты ауданымыз сары белдеуге енгізілді. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңындағы мерекелік шаралар әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде онлайн режимде өтеді.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар