Денсаулық

«НАУРЫЗНАМАНЫҢ» ЕКІНШІ КҮНІ

Қайырымдылық күніне орай Ойыл аудандық ауруханасының алдында мерекелік іс-шарамен жалғасты.

Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған бұл шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, тұрғындар арасындағы ауызбіршілік пен мейірімділік қасиеттерін нығайту. Мерекелік думанның негізгі ұйытқысы ретінде Желтоқсан, Тәуелсіздік, Тапалов және Халел Досмұхамедов көшелерінің тұрғындары белсенділік танытты.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Асқар Қазыбаев жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, бұл бастаманың қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызын атап өтті. Мереке аясында қазақтың бай салт-дәстүрінен сыр шертетін театрландырылған көріністер қойылып, ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ақ дастарқан жайылып, келген жұртшылыққа ұлттық тағамдар мен Наурыз көже ұсынылды.
Қайырымдылық пен ізгілікті ту еткен бұл шара аудан жұртшылығына ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көшелердің ынтымағын паш етті. Аурухана маңында ұйымдастырылған шара ем алушылар мен медицина қызметкерлеріне де рухани қолдау болып, мерекенің мәнін аша түсті. Көпшіліктің ризашылығын алған игі шара ақсақалдардың батасымен түйінделді.

Related Articles

Back to top button