Денсаулық
СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Су тасқынынан зардап шеккен Ойыл ауданының Шығанақ Берсиев ауылына жылжымалы медициналық кешен барды. Дәрігерлер тобында гастроэнтеролог, уролог, көз дәрігері, оториноларинголог, гинеколог, терапевт, рентгенолог және УДЗ дәрігері бар.
Ауыл тұрғындарының ішінде 12 ер мен 18 әйел адам тексерілді. Тұрғындар жоғары қанқысымына, асқазан мен арқасындағы ауырсынуларға шағымданған. Тексеруден кейін пациенттерге диагноздар қойылып, емдеу жоспары жазылды. Органдардың ультрадыбыстық зерттеуінен 24 адам, тағы үшеуі рентгенографиядан өтті. Сондай-ақ артериялық гипертензия, созылмалы пиелонефрит, гастрит және холецистит бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарға ұсыныстар берілді. Шара аясында білікті мамандар барлығы 30 ауыл тұрғынына кеңес берді.