
Тағылымды шараға аудан әкімі Асқар Қазыбаев, бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиналған қауым Ұлы тұлғаның рухына тағзым етіп, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Шара барысында Шығанақ Берсеұлының ел дамуына қосқан зор еңбегі, ауыл шаруашылығын өркендетудегі тарихи жетістіктері мен еңбекқорлығы туралы айтылып, оның өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екені атап өтілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – халқымыздың біртуар перзентінің мәдени және тарихи мұрасын дәріптеу, жастарға патриоттық тәрбие беру және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Шығанақ Берсеұлының есімі мен еңбегі ел жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.




