ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпРухани жаңғыру

ОРАЗАДАҒЫ 10 ИГІ ІС

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы аудан жастарының атсалысуымен Рамазан айында «Оразадағы 10 игі іс» жобасын бастаған болатын. Қайырымдылық акциясы аясында бірінші күні «50 құрма мен 50 ауыз су» тарату сауапты ісін бастады. Аудан орталығындағы көшелер мен дүкендерге, халыққа құрма себеттері мен ауыз су таратылды. Ал,екінші игі іс жұма күні «Тегін такси» деп аталды.
Қасиетті жұма күні Рамазан айының құрметіне аталған акцияға ниетті жастар көп болды. Жомарт жұманың шарапатын сезіне отырып, «Тегін такси» қайырымдылық акциясына 14 ерікті түрде жастар күндізгі сағат 10:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін халықты қалаған бағыттары бойынша тегін көлікпен жеткізіп, алғыстарына бөленді. 3-ші қайырымдылық акциясы «Жұмадағы 100 нан». Аудан жастары халыққа тегін 100 нан таратып, зор ықыласына бөленді.

Басқа жаңалықтар