Мәдениет

«МЫҚТЫ МӘДЕНИЕТ – РУХАНИЯТ ҚАЙНАРЫ»

Өткен жұмада «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Мықты мәдениет – руханият қайнары» атты мерекелік шара өтті. Айтулы шараға аудан әкімі Асқар Қазыбаев, мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Мерекелік дастархан ыстық лебізбен өріліп, марапатқа ұласты.

Тарқатып айтсақ, аудан әкімі Асқар Қазыбаев барша мәдениет саласының қызметкерлеріне мерекелік құттықтау тілегін жеткізіп, киелі өнерді қашанда ұлықтау керектігін баса айтты. Сондай-ақ ауданның мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін Гүлжанат Мұхамбетқалиева, Балзия Бүркітова, Бақтыгүл Көппағамбетова, Гүлзат Қожекенова, Балқия Дауылбаеваны алғыс хатпен марапаттаса, «AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының атынан Ойыл аудандық балалар кітапханасының аға кітапханашысы Гүлайым Қаплиева мен Қараой ауылдық клубының электригі Нұрғали Хамзинге алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облысы филиалының төрайымы Н.С.Табылдинованың «Құрмет» грамотасы ұзақ жылдардан бері мәдениет саласына өзіндік үлес қосып келе жатқан Марат Нұрмағамбетов пен Жеңіс Бакиеваға табысталды. Әрі қарай мәдениет саласының ардагерлері арнайы жайылған мерекелік дастархан басында кейінгі буынға ақ батасын беріп, мереке кезінде елеп-ескеріп, сый-құрмет көрсетіп жатқан ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар