Әкімдік

Филиалдың жұмысын жоғары бағалады

Өткен аптада аудан әкімдігінде «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалының XХХIV есеп беру- сайлау  конференциясы өтті. Алдымен конференцияға қатысып отырған делегаттар туралы қысқаша анықтама берген «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Дастан Сағыров делегаттарды жұмысшы органдарын сайлау туралы ұсынысты қолдауға шақырды. 

Одан соң кезекті конференцияның күн тәртібінен ұсынылған мәселелермен таныстырды.

Яғни, «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2017- 2018 жылдарға атқарған жұмысының есебі мен «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы Саяси Кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы мәселелерді мақұлдауы тиіс делегаттар араларынан «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының XХV есеп беру- сайлау конференциясына делегаттар сайлауы тиіс.

Сондықтан, алдымен мінбеге көтерілген «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин баяндама жасады. Баяндамада Еркін Жұмағазыұлы Елбасының Жолдаулары мен бағдарламалық мақалаларынан бастау алатын міндеттемелер мен партиялық жобалардың ауданда жүзеге асу барысына тоқталды. Ал, баяндаманы талқылау барысында сөз алған «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Тыныштыбай Шалабаев пен «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі, «Нұр-25» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азамат Мұсаевтар аудандағы игілікті істердің ұйытқысы болып жүрген жетекші партияның жұмысын жоғары бағалады.

Конференция жұмысы облыстық конференцияға делегаттар сайлаумен аяқталды.

Басқа жаңалықтар