Әкімдік
Мониторингтік топ құрамы бас қосты
Өткен жұмада Ойыл аудандық «Nur Otan» партиясы ғимаратында Ойыл ауданы бойынша мониторингтік топ құрамының қатысуымен облыстық «Nur Otan» партиясы өкілдерінің зум байланысы арқылы «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында тармақтарының орындалуы жөнінде семинар кеңесі өтті.
Аудан бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділік жасау мақсатында жаңа әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу бойынша 98 нысан бар. Аталған нысандар толық бейімделген. Биылдан бастап, Әлеуметтік қызметтер порталы іске асырылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар электронды цифрлы қолтаңба арқылы жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қажетті құралдарға өтінім беруге мүмкіндік жасалған. Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі екі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес — өнім беруші «Ойыл мүгедектерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі «Жартылай стационар жағдайында тірек қозғалысы аппаратында бұзушылықтар бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесімен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтер» мүмкіндігі шектеулі 12 балаға көрсетілуде. Және «Инватакси» қызметі көрсетілуде. «Инватакси» қызметін ұйымдастыру үшін автомашинаны жалға алу сәуір-желтоқсан айларында қамтамасыз ету үшін «Social servis» ЖШС-мен есту қабілеті нашар 55, көру қабілеті нашар 6, тірек-қимыл аппараты бұзылған 13 жалпы инватакси қызметін қажет ететін 74 мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетіледі.
Бұл жұмыстар өз жалғасын табады және мүмкіндігі шектеулі жандар қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі.
Өз тілшіміз.