Сайлау

Дұрыс таңдау – жауапты шешім

23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды қадамдардың бірі. Бұл сайлау азаматтарға өз өкілдерін таңдап, елдің болашағына қатысты ортақ шешімдерге қатысуға мүмкіндік береді.

Дұрыс таңдау жасау ең алдымен кандидаттың азаматтық ұстанымына, білімі мен тәжірибесіне, ел мүддесіне адалдығына назар аударуды талап етеді. Кандидаттың қоғамдағы өзекті мәселелерді қаншалықты жақсы білетіні, халықтың ұсыныс-тілектерін ескере алуы және өзіне жүктелетін жауапкершілікті сезінуі маңызды.

Сайлау – азаматтың өз ұстанымын білдіретін маңызды мүмкіндік. Бір дауыс жеке адамның таңдауы болып көрінгенімен, мыңдаған азаматтың таңдауы елдің болашақ бағытына әсер ететін ортақ шешімге айналады.

Сондықтан 23 тамыздағы сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Дұрыс таңдау жасау үшін асығыс шешімнен аулақ болып, әр кандидаттың мүмкіндігі мен ұстанымын салыстырып, ел мен халықтың мүддесін бірінші орынға қойған жөн.

Саналы таңдау – жарқын болашаққа бастар жол.

Болат Бақтыгереев
Ойыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Related Articles

Back to top button