Сайлау
«Тентектің» таңдауы

Ақтөбе қаласындағы №26 сайлау учаскесінде дауыс бергендердің арасында «Тентек» лақап атымен танымал футбол жанкүйері де бар. «Ақтөбе» футбол клубының әр ойынында бой көрсетіп, көрермендердің көңілін көтеретін кейіпкердің бұл алғашқы сайлауы емес.
— Футбол клубымен 2006 жылдан бері «жасасып» келе жатырмын. 2017 жылы алып қуыршақ түрінде көпшілікке қайтадан таныстырылып, дәйім Қобыланды батыр атындағы стадионнан табылуға тырысамын. Клубтың басты символдарының біріне айналдым.
Биыл көктемде өткен референдумда дауыс берсем, енді Құрылтай сайлауынан да тыс қалмадым. Бұл саяси оқиға ел дамуы үшін маңызды деп ойлаймын. Ең бастысы, еліміз дамып, өркендей берсін, халықтың жағдайы жақсара түссін демекпін, — дейді ол.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.



