Жаңалықтар

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ БЕСІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Аудандық мәслихат төрағасының уақытша міндетін атқарушы Мұстафа Бисембаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Сәкен Займолдин, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, тиісті мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралының  өкілі қатысты.

Screenshot

Сессияның күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №294 «2026-2028 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу мәселесі талқыланды.

Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б. Әділханов баяндама жасады. Сонымен қатар сессия барысында басқа да мәселелер қаралып, тиісті ұсыныс-пікірлер айтылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.

Related Articles

Back to top button