Жаңалықтар
Қазақстанда қарттар саны ең көп өңірлер аталды
2026 жылдың басында Қазақстанда 60 жастан асқан халық саны 2 923 472 адамды құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Бұл ел халқының 14,2%. Оның ішінде:
Ерлер — 1 163 270,
Әйелдер — 1 760 202
60+ халық саны ең көп өңірлер:
Алматы қаласы — 328 385,
Түркістан облысы — 216 544,
Қарағанды облысы — 212 487,
Алматы облысы — 203 499,
Астана қаласы — 171 138.
— Қалаларда 60 жастан асқан 1 894 268, ауылдық жерлерде 1 029 204 адам тұрады. Қазақстанда 100 жастан асқан 1 323 адам бар. 2026 жылғы II тоқсанда 60 жастан асқан жұмыспен қамтылғандар саны — 465 302. 2025 жылы зейнетақы алушылар саны — 2 415 095, — делінген статистикалық деректе.
Осыған дейін Алматыда 300-ден астам жүз жасаған қария тұратынын жазғанбыз.




