БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ: 100 ОРЫН, 78 ЖОЛДАМА

Жұмыс іздеген жанға лайықты қызмет табу – маңызды қадам. Ал жұмыс беруші үшін қажетті маманды кездестіру де оңай емес. Осы мақсатта Ойыл ауданындағы «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге аудан әкімінің орынбасары Саян Сүлейменов, «Мансап» орталығының басшысы Артур Берекенов, аудан орталығындағы мекемелер мен ұйымдардың өкілдері және ауылдық округтерден келген жұмыс берушілер қатысты.
Жиын барысында 54 мекеме мен ұйым 100 бос жұмыс орнын ұсынды. Ұсынылған қызметтердің басым бөлігі жылу қазандығының операторы мен киім ілуші мамандықтарына тиесілі болды. Жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, өздеріне қолайлы қызмет түрлері туралы мәлімет алды.
Жәрмеңкеге барлығы 101 адам қатысып, олардың 78-іне жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді байланыстыратын маңызды алаң. Мұндай шаралар тұрғындардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, тұрақты жұмысқа орналасуына жол ашады.
Гаухар АБАЙҚЫЗЫ.




