Жаңалықтар

ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ!

Биыл Ойыл  атын әлемге ақ тарысымен әйгілі еткен даңқты диқан Шығанақ Берсиевтің туғанына 145 жыл толып отыр.  Ел мақтанышына айналған ұлы тұлғаның есімін ұлықтап, рухына құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы. Осы мерейлі датаға орай Ш.Берсиев ауылдық округіне қарасты туған жері және  соңғы демі таусылып, ата қонысына  жерленген жері – Қарасу елді мекені. Аудан әкімінің қолдауымен осы Қарасу жеріндегі Жұлдыз Кете руына тиесілі  кесенесі /Мавзолейі/ мен бейітін күтіп-баптау, абаттандыру жұмыстары мәдениет саласының қызметкерлеріне тапсырылған болатын.

Осы бағытта игілікті іске музей, архив, орталық кітапхана және ауылдық кітапханалар ұжымы бір кісідей атсалысып, өз үлестерін қосты. Аудан әкімінің орынбасары Саян Сүлеймен бастаған мәдениет саласының қызметкерлері 1946 жылы Шығанақ Берсиевтің құрметіне  тағызым етуге байланысты Т. Бәсеновтің салған кесенесін тазалап, ескі қабаттарын қырып, ішкі тары масақтары бейнесін сылап, әктеу  жұмыстарын жүргізді. Мұндай игі істер – туған жердің тарихын қастерлеудің, елге еңбегі сіңген тұлғалардың мұрасын сақтаудың жарқын үлгісі. Еңбекқорлығымен әлемге танылып, қазақ халқының абыройын асқақтатқан Шығанақ Берсиевтің өмір жолы бүгінгі ұрпаққа өнеге болып қала береді.

Ата рухына тағзым ету арқылы біз тарихымызды түгендеп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейміз. Ұлы диқанның есімі ұлықталып, өнегелі жолы ұрпақ жадында мәңгі сақтала бермек.

Рақима САҒАТОВА,

Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы.

Related Articles

Back to top button