Әлеумет

Ұрпақтарды сабақтастырған сенбілік

Өткен сенбі күні Ойылда «Тазалық айлығы» аясында былтыр ғана демеушілердің күшімен жасақталған «Жаңа құрылыс» жақтағы «Отбасылық саябаққа» тал егілді. Тал егуге орталықтағы мектептердің жас мұғалімдері мен еңбек ардагерлерінің шақырылуы ұрпақтар сабақтастығының куәсі.
Аудан әкімі Дастан Сағыров та осы акцияға атсалысты. Еңбек ардагерлері жас мұғалімдермен бірігіп жаңа саябаққа жетпіс түп терек отырғызды.

Басқа жаңалықтар