Ата Заң – мемлекеттің құқықтық іргетасы, ел дамуының басты бағытын айқындайтын құжат.

Сондықтан Ата Заң жобасын қолдау – ең алдымен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Тұрақтылық – мемлекеттің тыныштығы ғана емес, ол – азаматтардың қауіпсіздігі, сенімі және болашаққа деген үміті.
Заң үстемдігі орныққан қоғамда әр адамның құқығы қорғалады. Егер Ата Заң талаптары нақты әрі әділ болса, азаматтар өз міндеттері мен құқықтарын жақсы түсінеді. Бұл өз кезегінде түрлі құқықтық қайшылықтардың алдын алып, қоғамдық келісімді күшейтеді. Қоғамдық келісім – тұрақтылықтың басты шарты.
Ата Заң жобасын қолдау мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттырады. Сенім бар жерде өзара түсіністік пен ынтымақ болады. Әр азамат ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, ортақ мақсатқа ұмтылғанда ғана мемлекет мықты әрі берік бола алады. Бұл – бірлік пен татулықтың көрінісі.
Сағынов Әбділда
Шет тілі мұғалімі



