Референдум – халық еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік

Қазақстанда 15 наурыз күні жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдум өткізіледі. Бұл шара елдің саяси және құқықтық дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады. Референдум арқылы азаматтар мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, ел болашағына қатысты шешім қабылдауға тікелей қатыса алады.
Жаңа Конституция жобасы қоғамның қазіргі талаптары мен мемлекет дамуының жаңа кезеңін ескере отырып әзірленген. Құжатта мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, сондай-ақ заңнаманың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған. Бұл бастамалар құқықтық мемлекетті нығайтуға және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.
Сағынов Әбділда
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ғазиз Аңсаған
Белсенді жас

