Әлеумет

Жеңісті жақындатқан аналарға құрмет!

9 мамыр — Жеңіс күні. Біз үшін құны қымбат сөз. Аталарымыздың қаны және жанқиярлық ерлігі мен тылдағы аналарымыздың көз жасы, қажырлы еңбегімен келді. Рас, Ойылда Ұлы Отан соғысының ардагері жоқ. Осыдан жеті жыл бұрын сұрапыл күндердің соңғы куәгері Қайранбай ақсақалды ақырғы сапарға шығарып салдық. Бірақ, жауынгер аталардың тән жарасы мен жан жарасын емдеп, елге келгендердің ұрпағын өргізген аналарымыз бар. Бүгін аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы Сағыров Ойылдағы екі соғыс ардагерінің жұбайын арнайы барып құттықтап, мерекелік сыйлықтарын тапсырды. 
Құлымжан атамыздың жұбайы, ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің еңбегін паш еткен романның авторы Ғабиден Мұстафиннің Шығанақ туралы деректер жинап жүріп Ойылға келгенде шәйін құйып берген Майсара Мамедова тоқсанның төріне шығып, сырқаттанып қалыпты. Соған қарамастан сөзі түзу әже аудан басшыларына алғысын айтты. 
Ал, Бегалы Еркінов атамыздың жұбайы Ұлмекен әже әлі тың. Ұл-қыздары да әдеттегі дәстүрмен аналарын мерекемен құттықтап, жан-жақтан жиналып қалыпты. Өз лебізін батамен өрген әженің ұрпақтары да аудан басшыларына шынайы ризашылығын білдірді.

Басқа жаңалықтар