ӘлеуметБасты тақырыпСпорт
Жарысқа барған жетеу Бір чемпион, үш жүлдегер
Өткен аптада Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді селосында «Балалар жылына» орай балалар мен жасөспірімдер арасында бокстан облыстық турнир өтті.
Жас ерекшеліктеріне қарай үш топта өткен жарысқа біздің ауданнан да жеті жас боксшы қатысып, оның төртеуі жүлдемен оралды.
Бокс Ойылда кейінгі жылдары қайта қолға алынғанымен балалардың қызығушылығы басым спорт түрі екені де рас.
КСРО спорт шебері Сейітжан Ермағамбетов жаттықтыратын бокс секциясының балалары нәтижені де көп күттірген жоқ. Бұл жарыстың деңгейін оған қатысушылардың санынан-ақ байқауға болады. 186 балғын бокс шаршы алаңда бағын сынаған жарыста 2011 жылы туған балалар арасында 34 кг салмақта өнер көрсеткен Нұрәділ Нұржауғанов шын шеберге тұсау жоқ екенін дәлелдеп, өз салмағында турнирдің бас жүлдесін иеленді. Ал, 66 кг салмақта шаршы алаңға шыққан Исабек Манарбеков екі қарсыласын нокаутпен жеңгенімен, финалда жергілікті балғын боксшыға жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Нұрислам Садық та тек финалда жеңілді. 42 кг салмақта жұдырықтасқан Асхат Асқар жартылай финалда жеңіліп, қол жүлдені қанағат тұтты.