Әкімдік

«Жас кәсіпкер» жобасы жастарға мол мүмкіндік

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫ «ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ДЕП ЖАРЯИЛАҒАНЫ БАРШАҒА МӘЛІМ. ЕЛІМІЗДЕ ЖАСТАР ЖЫЛЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ. СОНМЕН БІРГЕ ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ-КӨМЕКТЕР ЖЕТЕРЛІК. 

Осы орайда ауданымызда «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша Ойыл аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен 58 жас шағын кәсіп ашу үшін арнайы оқып жатыр. Осында оқитын әр жастың «Бизнес-жоспар» құрып, ұсынып отырған жобасын жан-жақты, нақты қорғау арқылы Үкімет тарапынан берілетін 505 мың теңге қайтарымсыз ақшаны алып кәсібін бастауға толықтай мүмкіндіктері бар. Айта кетсек, аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы шағын кәсіп ашу үшін кәсіби шеберліктерін шыңдап жатқан жастармен арнайы кездесіп, осындай үкімет тарапынан берілетін қолдау-көмектерді игілікті пайдалануға кеңес берді. Оған қоса алдағы уақытта арнайы шәкіртақысы бар қайта даярлау курстарынан өтіп, кәсіби мамандықтарды оқуға шақырды. Ендеше бізде кәсіп ашуға ниетті, ауданның белсенді де, бастамашыл жастарына сәттілік тілейміз!

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар