ӘкімдікБасты тақырып

Партиялық бақылау: жайылымдарды тиімді пайдалану

Көшпелі Партиялық бақылау комиссиясы «Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастырудағы партия мүшелерінің жауапкершілігі туралы» мәселе бойынша материалдар дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілді. Оның құрамында «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Займолдин, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Ержанов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Жиеналин, «Ойыл» газетінің редакторы С.Қойбағаров, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты И.Берғалиев, «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымының төрайымы А.Мамбетова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Аманғосов, аудандық ветеринариялық стансасының директоры С.Сармұханов, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Т.Иманғалиев бар.

Ойыл ауданының аумағында 1145686 га жер учаскелері бар, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 751673 га, елді мекен жерлері 370067 га, мекеме, кәсіпорын, өндіріс орындарының жерлері 2864 га, орман жерлері 21082 га, ауылшаруашылығы мақсатындағы бос жерлер 143949 га.
2019 жылы 7 ауылдық округтің ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоса есептегенде 370028 га. Жаңадан 8 ауыл шаруашылығы субьектілері ашылып, 13110 га жер учаскесі табысталды және де қосымша 8 ауылшаруашылығы субьектілеріне 12975 га табысталды. Барлығы 26085 га жер учаскесі табысталды.
2020 жылы 7 ауылдық округтің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоса есептегенде 370028 га. Жаңадан 5 ауылшаруашылығы субьектілері ашылып 5400 га жер учаскесі табысталды және де қосымша 6 ауылшаруашылығы субьектілеріне 6673 га табысталды. Барлығы 12073 га жер учаскесі табысталды.
2020 жылғы 19 мамырда жұмыс тобы жайылымдарды басқару жөніндегі бекітілген жоспарларды, сонымен қатар тікелей жергілікті жерлерде іске асыру барысы мен толықтығын тексеруді жүзеге асырды. Ойыл ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарының жобасы жасақталған, кезекті мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылады.
Жұмыс тобы Ойыл ауылдық округіне, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округіне, Көптоғай ауылдық округіне барып, қоғамдық кеңесінің, ардагерлер кеңесінің мүшелері және төрағаларымен, ауылдық округ әкімдерімен, мамандарымен, шаруа қожалығы төрағаларымен және осы мәселеге қатысты ауыл тұрғындарымен кездесті. Барлық округтерде халықтың қазіргі уақытта жайылымдармен қамтамасыз етілуінің жай-күйі, жеке тұрғындардың мал басының көбеюіне байланысты тұрғындардың малын әкімшіліктің бос жайылымдық жерлеріне шығару немесе күту, кезек ұйымдастыру мәселелері, округтегі кейбір жеке тұрғындардың мал басы 100-150 ұсақ жандық, 30-50 МІҚ болуына байланысты округке қарасты жақын орналасқан жайылымдық жерлерге мәселе туындатуда.
Ш.Берсиев ауылдық округі бойынша округке жақын орналасқан 3 шаруа қожалығы анықталып, бір шаруа қожалығы жайылымдық жерді округке қайтарып берді, қалған екі шаруа қожалығы төрағаларымен жайылымдық жерді қайтарып беру бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, келісілді.

С.ЗАЙМОЛДИН,
«Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Басқа жаңалықтар