ӘлеуметБасты тақырыпМәдениетРухани жаңғыру

«Art-Бояу» үйірмесінің көрмесі Табиғат балалардың көзімен

Жуырда Ойыл аудандық оқушылар үйінің Әйгерім Бисембина жетекшілік ететін «Art-Бояу» үйірмесі «Қысқы вернисаж» көрмесін өткізді.
Үйірме мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балалардың қызығушылықтарын арттыру, ой-қиялдарын дамытуды көздеген көрмені тамашалауға үйірмеге қатысатын балалардың ата-аналары шақырылды.
Айналаны, қоршаған ортаны бақылау арқылы қыс мезгілінің көз тоймас қызықтарын, табиғаттың әсемділігін көріп қана қоймай, тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарау сияқты адамгершілік дағдыларын қалыптастыру үшін шара соңында көрмеге белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Басқа жаңалықтар