Әкімдік
Сарбие мен Қараойға жаңа әкімдер сайланды
Қараой, Сарбие ауылдық округі әкімдерінің қызмет ауыстыруына байланысты өткен сәрсенбіде «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында аудандық мәслихаттың депутаттары Сарбие мен Қараой ауылдық округіне жаңа әкімдер сайлады. Алдымен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Бисекенов таңдаушыларға дауыс беру тәртібін түсіндірді. 11 депутат өз таңдауларын жасады. Дауыс беру барысы аяқталған соң, комиссия мүшелері арнайы урнадағы дауыс беру парақтарын кандидаттардың сенімді өкілдерінің көзінше санап, комиссия төрағасы сайлаудың қорытындысын жариялады. 11 депутаттың дауысына ие болған Дәурен Бисебаев Сарбие ауылдық округіне, Айбек Сұлтанов Қараой ауылдық округіне әкім болып сайланды. Сайлау соңында жиынға төрағалық еткен аудандық мәслихат хатшысы Еркін Жиеналин жаңадан сайланған әкімдердің қызметіне сәттілік тілеп, ел үшін абыройлы қызмет атқарады деп үлкен сенім артты.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.