ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ
Жуырда осындай тақырыппен аудандық мәдениет үйінде тамыз конференциясы өтті. Жиын алдымен 2022-2023 жылында атқарылған жұмыстар жинақталған бейнероликпен басталды.
Одан кейін Ойыл ауданы бойынша алғашқы болып облыстық тірек мектептер жобасының қатысушысы Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінің директоры Маржан Жонысова “Шағын жинақты мектептер үшін тірек мектебінің мүмкіндіктері”, Ақшатау орта мектебінің директоры Бекжан Қарасаев “Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту” пилоттық жобасының оқу-тәрбие процесінде алатын орны туралы баяндады.
Келесі кезекте сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Меруенов жаңа оқу жылының өзгерістеріне, мақсат міндеттеріне тоқталып өтті.
Аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда білім алушы шәкірттердің қатарының көбеюі ұстаздарының еңбегі екенін атап, аудан ұстаздарының мәртебелерінің биіктеп,абыройларының арта беруімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Ойыл ауданының білім саласында абыройлы, үздіксіз нәтижелі еңбегі үшін Көсембай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ерсайын Аққошқаров, әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Меруенов төсбелгімен наградталды. Сонымен қатар білім беру ісіне зор үлес қосып, ерекше еңбек еткен білім саласының қызметкерлері облыстық білім басқармасының “Алғыс хатымен”, аудан әкімінің “Алғыс хатымен” және аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Гаухар АБАЙҚЫЗЫ.