ӘкімдікБілімДенсаулықМәдениетРухани жаңғыру

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАРЛЫҒЫ ДА ЖАУАПТЫ

АУДАН ӘКІМДІГІ ҒИМАРАТЫНДА АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ. ЖИЫНҒА АУДАН ӘКІМІ АСҚАР ҚАЗЫБАЕВ, АУДАН ПРОКУРОРЫ АҚЕДІЛ ҮСЕНОВ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫғЫ АРДАҚ ҚАНГЕЛДИН, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ СВЕТЛАНА ҚАРАБАЛИНА АУДАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ, КОЛЛЕДЖ ЖӘНЕ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ.

Кездесудің күн тәртібінде алдымен аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев «Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы» баяндаса, «Білім беру ұйымдарындағы оқушыларға тәрбие беру мәселесі туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Қарабалина тоқталып өтті.
Басқосуда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және абаттандыру сұрақтары қойылды. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің директорлары көгалдандыру және тұрақ аймақтарын реттеу жайында мәселелерді қозғады. Мектептен тыс балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылды.
Қазіргі кезде аудандағы өзекті мәселенің бірі саналатын жастар арасындағы топтық төбелес те назардан тыс қалмады. Аудандық полиция бөлімінің бастығы жасөспірімдердің скутер мен электрмопедтерді басқаруы қазіргі басты мәселердің бірі болып отырғанын, ол үшін арнайы шаралар қолданып жатқандығын жеткізді.
Асқар Қайырғалиұлы барлық мұғалімдер, сынып жетекшілері, мектеп инспекторлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар ата-аналармен бірлесіп мектептен тыс уақытта балалардың жүріс-тұрысына, беймезгіл уақыттарда көшеде ретсіз жүрмеуін қадағалауды тапсырды.
Г.АБАЙҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар