Әлеумет
Көпірдің жанына 300 көшет
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жайқалып, жазда сая, қыста қорған болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, көрік береді.
Ауданда ұзақ жылдан бері ағаш отырғызу, күтіп-баптау жұмысына көңіл бөліп келеді. Осы орайда, өткен аптада ауданымыздың кіре берісіне үйіңкі, терек және қарағаш, барлығы 300 түп ағаш отырғызылды. Бұл игі іске Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, Ойыл ауылдық округінің мамандары мен «Жасыл ел» жасақшылары ат салысты.