ӘлеуметБасты тақырып

Аудан жастарының бастамасымен Әлеуметтік бұрыш ашылды

Бүгін ауданымызда «Бизнес инкубатор» аталатын екі қабатты ғимаратының ішінен «Рақым» қайырымдылық қорының әлеуметтік бұрышы ашылды. Жастардың мұндай әрекетіне ризашылығын білдіріп, қолдау көрсеткен ғимарат иесі, жеке кәсіпкер Исатай Берғалиев әлеуметтік бөлмені жалға емес, тегін беруді жөн санапты. Сондықтан да жастардың осындай қайырымдылық шараларын жандандыра берулеріне сәттілік тіледі. «Рақым» қайырымдылық қорының жұмыс жасап келе жатқанына тура алты ай толған. Мінекей әрдайым қиналғанға көмек қолын созып жүрген жастардың ақ ниеттері мен көңілдерінің кеңдігіндей қарашаның алғашқы қары да жапалақтап жауа кетті. Жадыраңқы көңіл күйде жиналған жастар белсенділіктерін тағы бір мәрте көрсетті. Ауыз бірліктері мен ұйымдастырушылық қабілеттерінің арқасында әлеуметтік бұрыштың ашылу салтанатына жиылғандар ақ баталарын беріп, ақжарма тілектерін аямады. Әлеуметтік бұрыштың лентасын Ойыл аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшының орынбасары Шамшырақ Жоламанова мен Халықтық «Ақ әже» ансамблінің мүшесі Айша Қалишева әжеміз қиды.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар