Референдум
Ата Заң жобасын қолдау – тұрақты дамудың стратегиялық қадамы

Ата Заң – кез келген мемлекеттің құқықтық, саяси және әлеуметтік негізін айқындайтын басты құжат. Қазақстан Республикасының Конституциясы ел дамуының стратегиялық бағытын белгілеп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан Ата Заңға қатысты кез келген жоба немесе өзгеріс – мемлекеттің болашағына тікелей әсер ететін маңызды шешім.
Ата Заң жобасын қолдау – бұл ең алдымен тұрақтылық пен өркендеуді қолдау деген сөз. Конституциялық реформалар қоғамдағы өзгерістерге бейімделуге, басқару жүйесін жетілдіруге және билік тармақтарының тиімді жұмыс істеуіне жол ашады. Мұндай қадамдар құқық үстемдігін нығайтып, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады.
Асылбаев Ерлан Базарбайұлы — Көптоғай ауылдық округінің әкімі

