ӘкімдікӘлеумет

Ақтөбедегі «Бір ауыл — бір өнім» көрме-жәрмеңкесіне Ойылдықтар да өз өнімдерін ұсынды

Өз өнімдерін 10 аудан мен облыс орталығының тауар өндірушілері ұсынды. Көрме қонақтары мен қатысушыларын Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов қарсы алды. Жобаның үздік қатысушыларын марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов және «Бір ауыл - бір өнім» жобасын іске асыруды үйлестіру және мониторингтеу жөніндегі жобаның басшысы Гүлнара Сейтжаппарова қатысты.

Бұл іс — шараның негізгі мақсаты — өңірде бірегей өнімді табу, жергілікті бренд құру және экспортқа шығуға жәрдемдесу.
Бұл идея Жапониядан бастау алады. Қазақстанда жоба 2021 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылуда. Биыл Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті тауар өндірушілерден 28 өтінім қабылдады.
Олар қолдан жасалған бұйымдарды, қыш ыдыстарды, ұлттық нақыштағы тауарларды, ет-сүт өнімдерін, тәттілерді және басқа да жергілікті шикізаттан шығарылған тауарларды ұсынды.
Жобаның үздік тауар өндірушілері дипломдармен, қалғандары грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ қатысушыларға ақшалай сертификаттар берілді. Және бірнеше банк өз сыйлықтарын ұсынды.
«Ұсынылған әрбір жоба — мемлекет пен бизнестің үйлесімді жұмысының нәтижесі, қолдаудың ауыл тұрғындарына өмір сүруге ғана емес, дамуға және өркендеуге қалай көмектесетінінің мысалы. Біз мемлекеттік қолдау бағдарламаларын кеңейтіп, оларды одан да қолжетімді әрі тиімді ете отырып, осы бағытты ұстанамыз», — деді облыс әкімінің орынбасары.
Финалистерге жобаларды одан әрі сүйемелдеу, дизайнды әзірлеу және өнімді қазақстандық немесе халықаралық сауда алаңдарына шығару бөлігінде ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілетін болады.
Айта кетейік, биылғы жылдан бастап жоба финалистері гранттық 5 млн. теңгеге дейін қаржыландыруға қатыса алады.
Қатысушылар мен келушілер үшін ЕДБ, қаржы институттары мен мемлекеттік органдар өкілдерінен консультациялар үстелдері жұмыс істеді.
Еске сала кетсек, бұл көрмеге Ойыл ауданынан кәсіпкерлер Қуаныш Мергенбаев ағаштан жасалған бұйымдарын, Гүлзада Сариева сүт өнімдерін ұсынды.

Басқа жаңалықтар