ӘлеуметБасты тақырып
Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған!
Бала өмір қызығы. Сәбидің былдырлаған үні әрбір шаңыраққа бақыт, қуаныш әкеледі. Жақсы ұрпақ тәрбиелеу - ертеңгі болашағымыздың кепілі. Балаларды қорғау, аялау, жақсы көру - бар адамзаттың міндеті.
Бүгінгі ұрпақ — ертеңгі болашағымыз. Сондықтан, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай маусым айының 6 жұлдызында Ақтөбе қаласында орналасқан Юрта парк демалыс орталығына әр түрлі санаттағы 15 бала апарылды. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі, жетім, аз қамтылған көп балалы, асыраушысынан айырылған балаларды қамтыдық. Бұл жобадағы мақсатымыз — балалардың шынайы күлкілері мен қуаныштарын көру. Балалық шақтарының бір күніне қуаныш сыйлап есте қалдыру. Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Балалық шақ балдай тәтті ғой, арасында ащысы да болса да, ол — балалық еркеліктің еншісінде. Керемет ойнап жүрген балаларға қарап балдай тәтті күлкілерін, қуанып шаттанғандарып көріп, біз де бір алаңсыз жүрген балалық шаққа оралғандай болдық. «Рақым» қайырымдылық қорына Ақтөбе қаласына балаларды жеткізу үшін көлікпен қамтамасыз етіп қолдау көрсеткен Аудан әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Бала – біздің бауыр етіміз, бақытты болашағымыз. Әр бала ата-анасының қасында шынайы бақытты болуға лайықты.