Әлеумет

«Бақытты ана, бақытты бала»

4 наурыз күні Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінде 8 наурыз –Халықаралық аналар мерекесіне орай  «Бақытты ана, бақытты бала» атты мәдени шарасы «Жас археолог» үйірмесі оқушыларының аналарын қатыстыра отырып ұйымдастырылды.
Аналар қатысқан мәдени шарамыз бейнебаянмен ашылып, мәдениет үйінің әншісі Жаңыл Бисенғалиева «Анаға хат» әнің тарту етті. Үйірме оқушылары аналарына арнауларын арнап, баланың анаға деген махаббаты ерекше екені анық байқалды. Ана туралы мағыналы тілектер айтылып, сұрақ-жауаптар қойылып, ойындар ойнатылды. Ана мен бала бақытына байланысты шараның мақсаты толық ашылып, шара соңында мерекелік сыйлықтар ұсынылды.

Дулат Исабаев,
Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық  өнер және өлке тарихы музейінің ғылыми қызметкері.

Басқа жаңалықтар