ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

НАУРЫЗ — ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ

19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойланды. Бұл күн барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді.

Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының алаңында «AMANAT» партиясы Ойыл аудандық партиясы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, №14 өртке қарсы күрес бөлімшесі қызметкерлері мен Құрманғазин, Қойшығұлов, Шернияз, Дәуленов көшелерімен бірге тойлап, ауыл тұрғындарына мерекелік кеш сыйлады.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан тұрғындар көше-көше болып бірігіп, дастархан жайып, наурыз көже таратты. Үлкендер бата беріп, ақ дастархан басында ақ тілектер ақтарылды. Аудан халқын Наурыз мерекесімен құттықтаған аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы ынтымақ, бірліктерінің нығая беруіне тілектестігін білдірді.
Жұртшылық мектеп гимназия ұжымының халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына қатысты қойған көріністерін тамашалады.
Сол күні Т.Қаңтарбаев, Тәуелсіздік, Әл-Фараби, Көкжар көшелерінің тұрғындарымен Ойыл газ шаруашылығы мекемесі бірлесе ұйымдастыруымен газ мекемесінің алаңында «Төрлет, құтты Наурыз!» атты көше Наурыз мейрамы өтті.
Ұлттық киім киген аудан жастары сән-салтанаты келіскен шеруімен бастау алған көше мейрамы «Қара жорға» биімен жалғасын тапты.
Ән мен күйден бөлек, ересектер мен балалар түрлі спорттық жарыстардан сынға түсті. Әсіресе, жастар белсене қатысты.
Ұлттық тағамдарға толы жайылған дастарханнан ауыз тиіп, көше үлкендері жылы лебіздері мен ақ жарма тілектерін білдерді.
Г.АБАЙҚЫЗЫ.

 

Басқа жаңалықтар