ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«АТА ЗАҢ – АЗАТ ЕЛДІҢ АР НАМЫСЫ»

өткен апта аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты жиын өтті. Алдымен салтанатты жиынға жиналған жұртшылықты аудан әкімі Асқар Қазыбаев құттықтап, бір топ азаматқа мерекелік алғыс хат тапсырды.

«Жасыл ел» еңбек жасағында қызмет етіп, ауданды көгалдандыру мен абаттандыруға қосқан үлесі үшін Ойыл аграрлық колледжі ветеринария факультеті мамандығының 3 курс студенті Ернұр Саматұлы мен

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Химия және биология пәндерінің мұғалімі мамандығының 1 курс студенті Ақкүміс Самиғоллалар да мерекелік марапатқа ие болса, Конституция күнімен қатар келген туған күн иелері Мереке Жаңабайұлы мен Әлимұрат Шерниязұлы және кәмелет жасқа толып алғаш жеке куәлік алушы Ақмарал Маратқызына да естелік сыйлықтар тапсырды.


Сонымен қатар, «Мерейлі отбасы — 2023» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің қатысушысы Меруеновтер отбасына Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың Алғыс хаты мен арнайы сертификатын табыстады.

Мерекелік шара бүлдіршіндердің биімен көмкеріліп, ән-жырмен жалғасты. Сондай-ақ, мерекелік шараға Қобда ауданынан келген халықтық «Гүл-М-Жан» вокалдық тобы ойылдықтарға ән шашуларын арнады.

Басқа жаңалықтар