Мәдениет
Жат ағым жарға жығады
Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Парасат» ақпараттық- кеңес беру орталығының мамандары ауданымызға келіп жоғары сынып оқушыларымен, студенттермен және пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты — оқушылардың жалпы діни сауаттылығын арттыру, діни ағымдардың арбауынан сақтандыру, діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар жас ұрпақты діни экстремизмнің алдын алу барысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету, салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік тәрбиелеу.
«Парасат» ақпараттық кеңес беру орталығының теологі Әділет Маусымов басқосудың маңыздылығын атап, жастарды жат ағымнан аулақ болуға шақырды. Ол өз сөзінде қазіргі жастарды жат ағымға тартушылар үшін әлеуметтік желі оңай қару екенін атап өтіп, өзіміздің дәстүрлі дінімізді тек мешіт имамдарынан үйрену қажеттігін ескертті. Әсіресе мектеп бітіретін оқушыларға кез-келген теріс идеологияның ықпалына еріп кетпеуі үшін жат ағымға кіріп, адасып жүрген жастардың өкініштерінен мысалдар келтіре отырып, кеңірек мәлімет берді.