Әлеумет
Түлектердің тартуы
Әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналды. Бүгінде елімізде туған жерінің, туған ауылының барын бағамдап, жоғын түгендеуге, перзенттік борышын өтеуге ниетті азаматтар қатары көбейіп келеді. Бұл — қуантарлық жайт. Әсіресе, мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30, 40 жыл болған азаматтардың бас қосуы — көптен кездеспеген құрбы-құрдастар балалық шаққа саяхат жасап қана қоймай, туған ауылына тарту жасауға бейімділігі жерлестерінің әлеуетін көтеруге зор ықпал болып отыр.
Биыл да Қайыңды ауылдық округінің түлектері тарту жасап, ауылдастарының алғысын алуда. Мектеп бітіруші түлектердің кездесуіне орай Саға мектеп балабақшасын 1980 жылы бітіруші түлектер мектептегі орыс тілі кабинетін жасақтап берсе, 40 жыл бұрын тәмамдаған түлектер мұғалімдер бөлмесіне жиһаз тарту етті. Ал, осы шаңырақты 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектер 1985 жылы туған азаматтар ауылға спорт алаңшасын тарту етті. Мерекелік шаралардан соң, алаңның ашылу салтанаты болып, лентасын аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев пен 1985 жылы туған азамат Елеген Бікіров қиды.
Г.АБАЙҚЫЗЫ.