Әлеумет

«ZHAS PROJECT» жастарға мүмкіндік берді

ҚР білім және ғылым министрлігі мен дүниежүзілік банк бірлесіп іске асырып жатқан «ZHAS PROJECT» жобасы бойынша сала мамандарының қатысуымен биыл еліміздің бірнеше өңірінде тегін трингтер жүргізілуде. Соның ішінде Ойыл ауданына бірнеше рет өткізген тринг тирнерлері  Гүлмирам Аманжолова және Ләйла Ануаровна тағыда бізге ат басын бұрды. Бұл жолы жақсы жаңалықтардың бірі Ойыл ауданы бойынша 11 жоба өтіп, 1000 000 миллон теңгені әрбір жоба иесіне кәсіптерін ашу үшін табысталатын болды. Айта кететін жайт, Ойыл ауданы бойынша жалпы 22 жоба іске асырылған болатын. Бірақ солардың ішінде іріктеле келгенде 11 жоба нақты өткені туралы хабарлады. Олардың ішінде Саралжын, Көптоғай, Қайыңды округтерінің де жастары бар. Төрт күнге созылған тринг жастарға көптеген мотивациямен қатар еркін сөйлеуге, жоспарды қалай құруға, уақытты тиімді пайдалануға, артық шығын шығармауға сынды әрекеттерді писхология тұрғыдан үйретті. Сонымен қатар қызықты ойындарда болды. Бұл жобаның басты мақсатты белсенді жастарды алға тарту, қоғамнан шет қалған мүмкіндігі аздау жандарға берілген мүмкіндіктердің бірі. Әрине Ойыл ауданы бойынша 11 жобаның өтуі ол жастардың кәсіппен айналысуға қабілетті, белсенді екендігін көрсетеді. Жобаның ішінде «Әуен» дыбыс жазу, Инва такси қызметі, «Бақытты бала» алаңы, Бөдене шаруашылығы сияқты халыққа пайдасы бар жобалар іске асырлайын деп жатырғандығын айтпақпыз. Осы тұрғыда жас кәсіпкерлермен жобалары жөнінде тілдескен болатынбыз. «Бақытты бала» алаңы жобасынын құрушылары өз ойларын бүкпесіз ашық айтты.

«Біздер бұл жобаны таңдаған себебіміз Көптоғай ауылында балалар ойнайтын алаң бар. Бірақ ол алаңда кешкілік барып балаңды ойнатайын десең бос орын болмайды немесе күнделікті барып жүргесін баланың да мезі шығып жүргенін байқайсың. Кішкентай балаларға  қызықты дүниелердің көп болғаны дұрыс деп ойлаймыз. Сол себепті ол шерде пультпен басқаратын көлік, бірнеше сырғанақ, түрлі-түсті шарлар, қыс айында шана сияқты ойнайтын заттар болса ата-анасымен бала еркін ойнайды деп сенеміз. Сол себепті де біз осы жобаны осылай таңдадық»дейді. Әлбетте елдің баласына алаңдағаны ауылының көркейюіне үлес қосуы нағыз патриоттық үлгісі деседе аздық емес.

Өміргүл Темірхан.

 

Басқа жаңалықтар