Басты тақырыпСпорт

2005 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТАРТУЫ

30 — тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай Ойыл ауданының 2005 жылғы мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен шағын футболдан аудандық жарыс өтті.
Жарысқа 7 ауылдық округтен барлығы 8 команда, 100-ге жуық спортшы қатынасты. Жоғары ұйымшылдықпен өткен бұл жарыста ойын өте тартысты да, қызықты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша: «Көптоғай» командасы 1-орын, «Ойыл-88» командасы 2-орын, «Көкжар» командасы 3-орынды иеленді. Сондай-ақ, Асылан Жұмабаев (Сарбие командасы) ойынның «Үздік шабуылшысы» атанса, Думан Мүбараков (Саралжын командасы) «Үздік қорғаушы», Рүстем Қыстаубаев (Көптоғай командасы) «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша марапатталды. Сонымен қатар, үздіктер мен жүлделі орын алған, белсенділік танытқан командалар аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың мадақтама грамоталарымен, ауыспалы кубокпен, арнайы медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыс соңында Ойыл ауданының 2005 жылғы мектеп түлектерінің демеушілігімен аудан жасөспірімдеріне 10 (жиынтық) футбол формасы табыс етілді. Бұл жарыс дәстүрлі түрде басқа ауылдық округтерде де жалғасын табатын болады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар