ӘлеуметБасты тақырыпСпорт

АМАНГЕЛДІЛІКТЕР РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Облыстық білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің 5 — 6 сынып оқушылары арасында өткен Ұлттық мектеп лигасы волейбол жарысында командалық есепте Ойыл ауданы Амангелді орта мектебі І орынға ие болып, чемпион атанды. Республикалық лигаға жолдама алды.
Финал қатысушыларға да, жанкүйерлерге де ерекше әсер қалдырды.
Командалар әр ұпай үшін өз пайдасына күресті, ешкім кем түспеді. Қатысушылардың айтуынша, «Ойын өте қиын болды, кейде тіпті сасып қалдық, бірақ ойындар керемет шығып, қуанышты сәттер сыйлағанын біз ұмытпаймыз!», — дейді.
Жеңіске жеткен жас спортшы-ларымызды және жаттықтырушысы Өркен Бауыржанұлын жеңістерімен құттықтай отырып, Республикалық лигада сәттілік тілейміз!

Басқа жаңалықтар