ӘлеуметРухани жаңғыру
Шеберлік пен сұлулық ұштасқан кездесу
«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығы жанындағы «Әйел бақыты» жас келіндер клубының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Қолөнер -қазақтың теңдесі жоқ шеберлік мектебі» атты ток-шоуы өтті. Шараға ұлттық қолөнер шеберлері мен қыз-келіншектердің заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, тұрғындардың тапсырысымен орындалатын кондитерлік тәттілер дайындау, шаш, қол, бет күтіміне байланысты кәсіп иелері шақырылып, әңгіме-сұхбат жүргізілді. Шарамыздың қонағы, тұрғындардың тапсырысымен кондитерлік тәттілер дайындап жүрген, орталық жанындағы «Әйел бақыты» жас келіндер клубының мүшесі Құндыз Мұқашева шеберлік сағатын өткізіп, тәттілер дайындаудың әдіс-тәсілдерін айта отырып, кеңестер берді. Арнайы оқуын оқымаса да, өз қызығушылығымен тәтті тағамдар дайындауды бастаған Құндыз бос уақытында айналысатын бұл кәсібін кәсіпкерлікке айналдырғысы келетінін де жеткізді.
Бұл кеште «Әдемілік немен өлшенеді» деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Шаштың түсі мен ұзындығы, қас пен кірпіктің қалыпты жағдайда болуы, киім киюдегі стилі — кез келген бойжеткен мен келіншектің айнасы. Алайда, барлық ханымдар есте ұстайтын бірнеше ережелер бар. Бір қызығы, әдемі болып көріну үшін шығындалудың қажеті шамалы. Бірақ, ескерту қатал: ережелерді бұзбай, күнделікті сақтап отыру қажет. Бір сәтте ханшайымға айналып шығу тек ертегілерде ғана болады. Ал өмірде ханшайым болу үшін, өмір бойы тынбай күтініп жүру керек. Бізден алынған кеңестерді есте сақтай отырып, өзіңіздің сырт келбетіңізді бір сәтке болса да, назардан тыс қалдырмауға тырысыңыз…
P.S.
Көктем мезгілінде қысқы аяздан,желден құрғай бастаған адамның бет терісіне көктемде көмек қажет-ақ. Оған қоса, кабинеттерде, үйлерімізде ауаны құрғатып, жылу пештерін, кондиционерлерді қосымша пайдаланамыз, тіпті әрқайсымыз тәулігіне бірнеше сағат компьютердің алдында отырамыз. Оның да бет терісінің құрғауына, ескіруіне тигізер зияны мол. Ондай жағдайда тері ылғалдылығын жоғалта бастайды. Сондықтан,жұмыс арасында сүт немесе көк шай ішіп тұруға, түскі үзілісте серуендеуге дағдыланыңыз. Ал жаз мезгілінде, қызанақ, қияр, алша т.б. көкөніс, жеміс-жидектердің шырынынан бетке маска жасауға болады. Әзірге осы. Табиғи сұлулыққа жетер не бар?
Г.БИСЕКЕНОВА,
Көркемдік жетекші.